Киелі мекен (Holy Land) lyrics
by Dimash Qudaibergen
[Intro]
Оооу, Киелі мекенім!
Киелі мекенім!
[Verse 1]
Даладай кең жүректі жаны жомарт елім бар
Мейірбан халқымыздың көңілі дархан!
Құлпырған қарасаң мол қасиетті жерім бар
Қойнауы шежіре мен сырға тұнған
[Verse 2]
Жігіттерім – өр мінезді, жарқылдаған алмастай –
Тараған көк бөріден тектілерміз!
Іске шебер, сөзге мығым қиып түсер алдаспан
Баба жолын болашаққа жеткіземіз
[Chorus]
Ооооу, Киелі мекенім! Киелі елім!
Ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!
Ооооу, Киелі мекенім! Киелі елім!
Ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!
[Verse 3]
Дәстүрім – алтын көмбе ғасырлардан сыр тартқан
Тарихым – тамыр жайған еңселі емен!
Ерлерін елін сүйген, халқым қолдап үн қатқан
Заманның ағымына ерсем деген
[Verse 4]
Даланың ұландары қыран құстай самғайды
Қол созып зеңгір көкке қанат қағып!
Арманшыл сезімдерді армандарға жалғайды
Қуат алып туған жерден қанаттанып
[Bridge]
Кіндік қаным тамған жер!
Атадан бата алған жер!
Кең байтақ далам
Қымбатсың маған!
Үміттің оты жанған жер!
Мұра боп бізге қалған жер!
[Chorus]
Ооооу Киелі мекенім! Киелі елім!
Ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!
Ооооу, Киелі мекенім! Киелі елім!
Ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!
Ооооу, Киелі мекенім! Киелі елім!
[Outro]
Ооооу, Киелі мекенім! Киелі елім!
Ізі қалған бабалардың қастерлі жерім!
Ооооу, Киелі мекенім!
Киелі мекенім!