Мен қазақпын (I am a Kazakh) lyrics
by Yerbolat Kudaibergenov
Па шіркін япырмай!
[Бридж]
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген!
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
[1-ші шұмақ]
Руым көп, солардын аттарындай
Мінезім бар таулардың қатпарындай
Жырым бар бабалар хаттарындай
Әжімім бар бейнеттің таттарындай
Қашан қазақ атандым мен азандап? -
Әлі күнге білмейсің, ей, адамзат-адамзат
Есіміме береді бала жасын
Құлпытасты шұқыған кей азамат
Ару – жолда, мал – терде, бала - белде
Уайым түбі – теңіз ғой, бара берме уооо
Жігер керек, жыр керек, жалау керек
Қайрат күйі боп төгіл қаралы елге оооо
[Қайырмасы]
“Бұл кім?” десең
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген
Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар
“Бұл кім?” десең
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген
Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар
Па шіркін япырмай!
Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар
Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар
[Бридж]
Мен қазақпын – мың өліп, мың тірілген!
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген
[2-ші шұмақ]
Мен қазақпын, қырғыз ол туысқаным
Бірге тартқан тарланның құйысқанын
Анамыз да қара көз бір қыз, бәлкім
Бөліп берген егізге уыс наннын
Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен
Еуропа да, Азия да емеспін мен
Аралықпын, жетінші материктей
Бірақ барша адаммен тең өстім мен
[Бридж]
Мен қазақпын –
Байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді
Айта бергім!

Мен – қазақпын
Көк байрақ, туым бар, елім бар, жерім бар